Отандық футболда шетелдік легионерлердің санын азайту туралы мәселені бүкіл халық болып талқылай бастады!
Толығырақ төменде көрсетілген текст пен сілтеме арқылы оқыңыз:
https://www.ktk.kz/ru/news/video/2019/01/23/111322/
«Қайрат» футбол клубы жоғарыда көрсетілген сілтемеде айтылған халық таңдауының көзқарасымен толығымен келіседі. Бұған дейін біз бірнеше рет және ресми түрде қазақстандық футболдағы легионерлер санын айтарлықтай төмендету қажет екенін жазған болатынбыз.
«Қайрат» футбол клубы шетелдіктердің саны азаюына байланысты бос қалған қаражатты өзінің білікті резервін жүйелі тәрбиелеу бағыты бойынша мақсатқа сай жұмсалуы керек деп есептейді.
Футболдан қазақстандық ресми сайыстардың ережесі бойынша, бүгінгі таңда әр командаға отандық турнирлерде 10 (!) шетелдік ойыншыдан тіркеуге болады.
Біз осындай шамадан тыс лимиттің түбегейлі төмендеуін талап етеміз!
«Қайрат» ФК-ның осы мәселеге байланысты көзқарасы бірнеше күн бұрын команданың ресми вебсайтында жарияланған алматылық «Қайраттың» техникалық директоры Евгений Красиковпен сұқбатта толығырақ баяндалды.
Евгений Андреевичпен сұқбатта не айтылғанын төменде көрсетілген сілтеме бойынша оқуға болады:
https://fckairat.com/news/klub/evgeniy-krasikov-kolichestvo-dolzhno-pereyti-v-kachestvo/