2004 жылы туған «Қайрат» ФК Академиясының тәрбиеленушілері финалда «Шахтерды» 10:0 есебімен ойрандап, футбол орталықтары мен академиялар арасында футболдан Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
«Сары-қаралар» турнирде өздерінен бір жас үлкен қарсыластарға қарсы ойын көрсетті. Осыған қарамастан, Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері барлық қашықтықты сенімді өтіп, алтын медальдарды жеңіп алды.
Жартылай финалда алматылықтар «Оңтүстік Академиясының» өкілдерін 5:3 есебімен жеңді. Финалда біздікілер «Шахтерға» еш мүмкіндік қалдырмады-10: 0. Естеріңізге сала кетейік, қарағандылықтар жартылай финалда «Ордабасы» командасынан 2:1 есебімен басым түсті.
«Қайрат U16» маусымды үш титулмен аяқтады. Бұған дейін Рафаэль Уразбахтин командасы футбол орталықтары мен академиялар арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті, «Артек Кубогы – 2019» халықаралық турнирінің алтынын жеңіп алды. Құттықтаймыз!