«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

 «Кайрат U16» - Қазақстан Кубогының иегері
Академия жаңалықтары

«Кайрат U16» - Қазақстан Кубогының иегері

27 октября 2019
/ 11:00

2004 жылы туған «Қайрат» ФК Академиясының тәрбиеленушілері  финалда «Шахтерды» 10:0 есебімен ойрандап, футбол орталықтары мен академиялар арасында футболдан Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

«Сары-қаралар» турнирде  өздерінен бір жас үлкен қарсыластарға қарсы ойын көрсетті. Осыған қарамастан, Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері барлық қашықтықты сенімді өтіп, алтын медальдарды  жеңіп алды.

Жартылай финалда алматылықтар «Оңтүстік Академиясының» өкілдерін 5:3 есебімен жеңді. Финалда біздікілер «Шахтерға» еш мүмкіндік қалдырмады-10: 0. Естеріңізге сала кетейік, қарағандылықтар жартылай финалда «Ордабасы» командасынан 2:1 есебімен басым түсті.

«Қайрат U16» маусымды үш титулмен аяқтады. Бұған дейін Рафаэль Уразбахтин командасы футбол орталықтары мен академиялар арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті, «Артек Кубогы – 2019» халықаралық турнирінің алтынын жеңіп алды. Құттықтаймыз!

 

 


 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»