«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қайраттықтар ерекше екі жақты ойын өткізді
Клуб жаңалықтары

Қайраттықтар ерекше екі жақты ойын өткізді

08 июня 2019
/ 00:00

«Қайрат» пен «Қайрат-Жастар» ойыншылары екі жақты ерекше матч өткізді. Саны жағынан әр түрлі  командалар матчты үшке бөліп ойнады. 

Ұлттық құрама сапына ілікпеген ойыншылар «Орталықта» осы аптада ерекше жаттығу өткізді. «Қайрат» ойыншыларына «Қайрат-Жастар» футболшылары қосылды. Осылайша, аралас команда аз ойыншы тізімімен 30 минут өтетін ойынды бастады. Алдымен «ақтар» мен «сарылар» тобына  бөлініп, тоғыз ойыншы ойнады. Аз санмен ойнаған команда соққан голға бірден екі ұпай қосылып отырды. «Сарылар» командасынан Рамазан Оразов Владимир Плотниковтың қақпасына допты дәл көздеді. Дамир Битүсіпов пен Самат Сәрсенов есепті теңестіре алды.

Қорытынды кезеңде екі команда да он бір ойыншыдан алаңға шықты. Рифат Нұрмұғаметтің пасын Еркебұлан Тұңғышбаев іске асыра алса, кейін Самат Сәрсенов берген пасты Раде Дугалич қақпаға дәл көздеді.

Ойын нәтижесі пенальти сериясында анықталды. «Ақтар» қарсыластарынан басым түсті — 4:2.

Командалар тізімі:

«Ақтар»: Владимир Плотников, Дино Миканович, Раде Дугалич, Айбол Әбікен, Айбар Нұрдалиев, Андрей Ульшин, Дамир Битүсіпов, Ұлан Өтешев, Конрад Вржещиньский, Мартон Эппель, Самат Сәрсенов

«Сарылар»: Дінмұхаммед Жомарт, Еркебұлан Тұңғышбаев, Әліби Тұзақбаев, Дарын Сүйінов, Мади Айтөре, Александр Соколенко, Рамазан Оразов, Рифат Нұрмұғамет, Бағдаулет Жүзбай, Хан Чжон Ву, Адеринсола Эсеола.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»