«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Максим Зуев: «Бізге ең бастысы — үш ұпай»
Қайрат

Максим Зуев: «Бізге ең бастысы — үш ұпай»

21 июня 2025
/ 21:57
«Қайрат» бас бапкерінің көмекшісі «Қызылжармен» өткен матч (1:0) туралы айтты:
— Мұндай ойыннан кейін пікір айту оңай емес, ауыр ойын болды. Қарсыластың бір ойыншысы ойыннан қуылғанына қарамастан, біз гол соға алмадық. Көп шабуылдадық, бірақ соңғы пас жетіспеді. Күш тапқанына жігіттерге рақмет. Тоғыз адаммен қорғанған қорғанысты бұзу өте қиын. Соған қарамастан, күш тауып, гол соғып, жеңіске жеттік. Бізге ең бастысы — үш ұпай.
— Бүгінгі ойында Гиорги Зариа неге болмады?
— Ол жарақат алды. Жақында оралады деп үміттенеміз. Бұл үшін медициналық штабымызға алғыс айтамын.
— Ол жарақатты «Қайратта» алды ма, әлде ұлттық құрамасында ма?
— Жоқ, ұлттық құрамасынан бұрын, «Қайрат» сапында жарақаттанды.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»