2020 жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы аясында өтетін барлық ойындар жабық трибунада өтетін болады.
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының шешімі бойынша ойындар жабық трибунада, көрермендерсіз өткізіледі. Тыйым VIР-ложаға және баспасөз ложасына да қолданылады. Стадионның периметрінде адамдардың жиналуына және адамдар жиналатын жерлердегі экрандарда матчты ретрансляциялауға жол берілмейді.
Матчтан кейінгі баспасөз конференциялары мен флеш-сұхбаттар, матч басталар алдындағы және аяқталғаннан кейінгі футболшылар мен төрешілердің қол алысуы болмайды.
Сондай-ақ, «Қайрат»ФК балалар мен жасөспірімдер Академиясының қызметін уақытша тоқтатады.
Бұл шаралар мерзімсіз сипатқа ие, алдын алу іс-шараларын аяқтау туралы шешім қосымша қабылданатын болады.