«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың»алдағы матчтары жабық түрде өтеді
Клуб жаңалықтары

«Қайраттың»алдағы матчтары жабық түрде өтеді

13 марта 2020
/ 11:00

2020 жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы аясында өтетін барлық ойындар жабық трибунада өтетін болады.

Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының шешімі бойынша ойындар жабық трибунада, көрермендерсіз өткізіледі. Тыйым VIР-ложаға және баспасөз ложасына да қолданылады. Стадионның  периметрінде адамдардың жиналуына және адамдар жиналатын жерлердегі экрандарда матчты ретрансляциялауға жол берілмейді.

Матчтан кейінгі баспасөз конференциялары мен флеш-сұхбаттар, матч басталар алдындағы және аяқталғаннан кейінгі футболшылар мен төрешілердің қол алысуы болмайды.

Сондай-ақ, «Қайрат»ФК балалар мен жасөспірімдер Академиясының қызметін уақытша тоқтатады.

Бұл шаралар мерзімсіз сипатқа ие, алдын алу іс-шараларын аяқтау туралы шешім қосымша қабылданатын болады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»