«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат-Жастар» командасының үш ойыншысы Бірінші лиганың 26-шы турының үздіктер құрамында
Қайрат-Жастар

«Қайрат-Жастар» командасының үш ойыншысы Бірінші лиганың 26-шы турының үздіктер құрамында

11 ноября 2019
/ 12:00

 Бірінші лиганың қорытынды турындағы үздік ойыншылардың қатарына Данил Устименко, Әліби Тузақбаев және Сұлтанбек Астанов кірді.

Ең үздік қақпашы болып Данил Устименко танылды.

Устименко Ақтөбеде өте сенімді жекпе-жек өткізіп, жағдай талап еткен кезде өз командасын қорғап қалды. «Қайрат-Жастар» командасының 19 жасар қорғаушысы команданы төрт рет қорғап қалды, өз активіне екі сейв енгізді, төрт рет шығуда жақсы ойын көрсетіп, бірде-бір рет қателеспеді. Іс-әрекет индексі-281.

Ең үздік  жартылай қорғаушы болып Әліби Тұзақбаев танылды.

 «Ақтөбе-Жас» ойыншылары шабуылдарды дамытуда көп мүмкіндіктерге ие болған жоқ және олардың шабуылдарының көп бөлігі  Тұзақбаев әрекет еткен тірек аймақта аяқталды. Ол 6 рет допты қарсыластан алып қойды , 9 рет қарсыластың берген пасын ұстап қалды, 16 рет допқа иелік етіп, 80% -дәл пас беріп, айып алаңының сыртынан гол соқты. Әрекет индексі-306.

Сол қапталдағы үздік жартылай қорғаушы болып Сұлтанбек Астанов танылды.

Астанов Ақтөбеде өте тиімді әрі нәтижелі ойын өткізді. Шабуылда оның ойлағанының барлығы жүзеге асты. Ол хет-трик рәсімдеп, өзінің активіне ассист қосты, 10 рет допқа иелік етті және 3 рет қарсыластың берген пасын ұстап қалды, пастарының 81 пайызын діттеген жеріне жеткізді, сондай-ақ 9 рет қарсыластың қақпасына соққы бағыттап, турдың ең көп соққы жасаған ойыншысы атанды. Әрекет индексі-341.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»