«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Асқар Халмұратов: «Біз жоғары орынға таласатын боламыз деп ойлаймын»
Академия жаңалықтары

Асқар Халмұратов: «Біз жоғары орынға таласатын боламыз деп ойлаймын»

29 октября 2019
/ 11:00

 «Қайрат» ФК-ның 65 жылдығына арналған халықаралық турнирге қатысушы «Пахтакор» командасының бапкері Асқар Халмұратов турнирдің бастапқы ойындарынан алған әсерлерімен бөлісті және өз шәкірттерінің күшін бағалады.

- Асқар, турнир қалай? «Қайрат Ф»-ке қарсы алғашқы матчты қалай бағалайсыз?

- Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет, «Қайрат» ФК-на. Турнирге жауапкершілікпен келгені сезіледі. Бірденен жарыстың  қызықты және әсерлі болатыны анық болды. Мұнда жас ойыншылар рахаттана өнер көрсететін тамаша газон. Бірінші матчта қарсыласымыз бізге ұнады. Жақсы ойнады. Олар кейбір сәттерді жүзеге асыра алмады, ал біз өз сәттерімізді аяқтай алдық. Сондықтан да біз 3:0 есеппен жеңіске жеттік.

- Бүгін сіз топта негізгі қарсыласқа қарсы ойнадыңыз...

- Минскілік «Динамо» - өте мықты қарсылас. Біз ойынға барынша дайындықпен келдік. Басында аздаған толқу болды, бірақ біз өз футболымызды ойнадық. Өз идеологиямызды ұстандық: жылдамдықтың арқасында әрекет еттік, шабуылдардың көп саны. 3:1 есебімен жеңіске жеткеніміз қуантады. Ойын өте қызықты өтті.

- Бұл команданы бұрыннан жаттықтырасыз ба?

- Осы балалармен 2017 жылдың күзінен бастап жұмыс істеймін. Осы екі жыл ішінде бірнеше турнирлер өткіздік. Оның ішінде сіздерге Nauryz Cup-ке қонаққа келіп, үшінші орынға ие болдық. Минскіде ойнадық, өкінішке орай, жүлделі орынға ілінбедік. Бірақ тәжірибе жинадық-бұл ең бастысы. Шақыру үшін тағы да рахмет. Бұл жолы біз жоғары орынға таласатын боламыз деп ойлаймын.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»