«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Асқар Есімов: «Офридің біздің клуб құрамасына қосылғанына өте қуаныштымыз»
Қайрат

Асқар Есімов: «Офридің біздің клуб құрамасына қосылғанына өте қуаныштымыз»

22 февраля 2023
/ 06:00

«Қайраттың» бас директоры Асқар Есімов баспасөз қызметіне берген сұхбатында израильдік қорғаушы Офри Арадтың командамен келісім-щартқа қол қоюына түсініктеме берді, сондай-ақ камерундық қорғаушы Давид Эквемен болған жағдайға байланысты өз ойын білдірді.

– Асқар Асылбекұлы, жаңа қорғаушы – Офри Арадтың келісім-шартқа қол қоюы туралы пікіріңізді білдірсеңіз.

– Бірінші кезекте, Офридің біздің клуб құрамасына қосылғанына өте қуаныштымыз. Біз Офри Арадты еурокубоктарда бізге қарсы ойнағаннан бері ұзақ уақыт бойы бақылап келдік. Енді онымен қол қоюға мүмкіндік туды, ал біз болсақ, оны пайдаландық. Бұл халықаралық тәжірибесі мол сапалы қорғаушы. Біз «Маккабимен» өзара тиімді шарттарға қол қойдық. «Маккаби» жалдау мерзімі ішінде оның жалақысының бір бөлігін төлейді деген келісімге келдік.

– Давид Эквемен болған жағдайға байланысты өз ойыңызды бере аласыз ба?

– Өздеріңіз білетіндей, ол ауыр жарақаттан ұзақ уақыт бойы қалпына келген болатын. Оқу-жаттығу жиындары кезінде Давидтің деңгейі біздің жергілікті ойыншылардан төмен екендігі байқалды, ал шетелдік ойыншылар біздің ойыншыларымыздан жоғары болуы керек. Ойыншымен өзара келісім бойынша біз келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдадық. Давид – жас ойыншы, оған үнемі ойын тәжірибесін алу керек, ал жақын арада «Қайрат» оған мұндай мүмкіндік бере алмайды. Оған болашақта сәттілік тілейміз!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»