«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Абонемент

2025 жылға арналған абонемент

2025 жылғы маусымға арналған абонемент:

Құрметті «Қайрат» ФК жанкүйерлері!

Біз сіздерге 2025 жылғы маусымға арналған абонементтің иегері болып, Алматының Орталық стадионында командамыздың өз алаңындағы әр матчын тамашалайтын бірегей мүмкіндікті қуана ұсынамыз. Абонементтің арқасында өз алаңымыздағы әр ойында жеке орныңыз болады.

Абонементтің артықшылықтары:

  • Жеке QR коды: Барлық абонемент иесі ресми сайттағы жеке кабинетіне байланған жеке QR кодын алады. Оның көмегімен матчтарға оңай әрітез өтуге болады.
  • Кәдімгі карта: Абонементті карта түрінде алғысы келетіндерге құны 2500 теңге болатын қосымша қызмет бар.
  • Жекеорын: Сіздің стадиондағы орныңыз Премьер-лиганың, Қазақстан Кубогы мен Лига Кубогының әр өз алаңымыздағы матчтарына сақталған. Бұл сіздің 2025 жылғы маусымда «Қайрат» ФК ойындарына келе алатыныңызды қамтамасыз етеді.
  • Эксклюзивті бонустар: Абонемент матчтарға баруға басымдық беріп қана қоймай, клуб ұйымдастыратын эксклюзивтіакция мен шараларға қатысатын мүмкіндік те ұсынады.
  • Үнемдеу: Толық маусым абонементін сатып алсаңыз, әр өз алаңымыздағы ойынға арналған билетті бөлек сатып алғаннан қарағанда көбірек үнемдейсіз.
  • Команданы қолдау: Сіздің абонементіңіз – «Қайрат» ФК-ға деген сөзсіз қолдаудың көрінісі әрі клубымыздың тұрақтылығы мен дамуына қосқан үлесіңіз.

Еурокубок матчтары мен жолдастық ойындар абонемент бағасына кірмейді. Ол үшін бөлек билет сатып алуыңыз керек.

Біздің футбол отбасымыздың бір бөлігі болып, жаңа жеңістер мен жетістіктер жолында бізге қосылатын мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. 2025 жылғы маусым абонементіне бүгін жазылыңыз. Стадион трибунасындағы орныңыз сізді әрқашан күтетініне сенімді болыңыз.

2025 жылғы маусымға арналған абонемент түрлері мен бағалары:

Абонемент түрі Бағасы (теңге) Қосылған матчтар Қосымша артықшылықтар
Негізгі – Солтүстік және Оңтүстік 5 000 Премьер-лиганыңөз алаңымыздағы 13 матчы, Қазақстан Кубогы, Лига Кубогы Қолайлы баға. Барлық ұтыс ойыны мен конкурстарға автоматты түрде қатысу.
Шығыс трибуна – 2-санат 10 000 Премьер-лиганыңөз алаңымыздағы 13 матчы, Қазақстан Кубогы, Лига Кубогы Қолайлы баға. Барлық ұтыс ойыны мен конкурстарға автоматты түрде қатысу.
Шығыс трибуна – 1-санат 12 500 Премьер-лиганыңөз алаңымыздағы 13 матчы, Қазақстан Кубогы, Лига Кубогы Қолайлы баға. Барлық ұтыс ойыны мен конкурстарға автоматты түрде қатысу.
Батыс трибуна – 2-санат 21 000 Премьер-лиганыңөз алаңымыздағы 13 матчы, Қазақстан Кубогы, Лига Кубогы Қолайлы баға. Барлық ұтыс ойыны мен конкурстарға автоматты түрде қатысу.
Батыс трибуна – 1-санат 25 000 Премьер-лиганыңөз алаңымыздағы 13 матчы, Қазақстан Кубогы, Лига Кубогы Қолайлы баға. Барлық ұтыс ойыны мен конкурстарға автоматты түрде қатысу.
Отбасылық ложа 40 000 Премьер-лиганыңөз алаңымыздағы 13 матчы, Қазақстан Кубогы, Лига Кубогы Қолайлы баға. Барлық ұтыс ойыны мен конкурстарға автоматты түрде қатысу. 9-кіреберіс арқылы өту.
D ложасы 45 000 Премьер-лиганыңөз алаңымыздағы 13 матчы, Қазақстан Кубогы, Лига Кубогы Қолайлы баға. Барлық ұтыс ойыны мен конкурстарға автоматты түрде қатысу. 9-кіреберіс арқылы өту.
VIP 91 000 Премьер-лиганыңөз алаңымыздағы 13 матчы, Қазақстан Кубогы, Лига Кубогы Қолайлы баға. Барлық ұтыс ойыны мен конкурстарға автоматты түрде қатысу. 9-кіреберіс арқылы өту. Тұрақ орны. 9-кіреберістегі лаунж-зонада тегін кейтеринг.
Premium VIP 130 000 Премьер-лиганыңөз алаңымыздағы 13 матчы, Қазақстан Кубогы, Лига Кубогы Қолайлы баға. Барлық ұтыс ойыны мен конкурстарға автоматты түрде қатысу. 9-кіреберіс арқылы өту. Тұрақ орны. 9-кіреберістегі лаунж-зонада тегін кейтеринг.

Ниет білдіруші,

«Қайрат» футбол клубы

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»