
Луиш
Мата

Азаматтық - Португалия
Жас - 27 жылдар / 06.07.1997
Бойы - 178 см
Салмағы - 74 кг
Луиш Карлуш Машаду Мата Португалияның Порту қаласында дүниеге келген және аттас атақты клубтың ойыншысы. Ол 2006 жылдан 2017 жылға дейін «айдаһарлар» жүйесінде болды, 2019-2020 жылдары да сол клубта ойнады. «Портудың» екінші командасы сапында Португалия екінші дивизионында 62 матч өткізді. Сонымен қатар Луиш Мата португалиялық «Портимоненсе» мен испаниялық «Картахенаның» намысын қорғаған.
Соңғы жылдары Польша чемпионатында «Погонь» (2020-2023) және «Заглембе» (2023-2025) құрамында өнер көрсетті. Ол Польша Экстраклассасында жалпы 87 кездесу ойнап, 5 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ Мата Португалия U-21 жастар құрамасында 1 матч және U-19 жасөспірімдер құрамасында 6 матч өткізді.