Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Еуро-2020 іріктеу додасындағы Бельгияға қарсы матчты өзіне ерекшелемеді.
Бельгиялық футбол мектебінің тәрбиеленушісінің айтуынша, ол үшін ұлттық команданың майкасындағы әр матч маңызды.
- Георгий, сіздің ойыңызша, Бельгияға қарсы сәтті ойын көрсету үшін командаға не жетіспеді?
- Біз жақсы матч өткіздік деп ойлаймын. Егер де жекпе-жектің алғашқы отыз минутында гол соққанда, онда нәтиже басқаша болар еді.
- Кипрден кейін жанкүйерлер құраманы сынға алды. Қалай ойлайсыз, бүгін жанкүйерлерге ойын ұнады ма?
- Оларға стадионды толтырғандарына рахмет айтқым келеді. Отыз мыңға жуық көрермен болды. Иә, бізді сынға алды, сондықтан біз оларға жақсы нәтиже бере алатынымызды дәлелдегіміз келді. Біз еліміз үшін алаңда барымызды салдық.
- Брюссельдегі бірінші ойынмен салыстырғанда, біз допқа жиі иелік еттік пе?
- Иә, алаңда көп зат жүзеге аса бастады. Сол кезде біз барлық командамен қорғаныста ойнадық, ал бүгін бір жерлерде бірінші нөмірмен ойнауға тырыстық. Алда белсенді болдық.
- Бельгия құрамасының көптеген ойыншыларын білесіз. Ойын туралы олармен сөйлесе алдыңыз ба?
- Олар үшін бұл әдеттегідей ойын. Футболшылардың біразымен таныспын, Бельгияда жасөспірім кезімде араластым. Олардың арасында Батшуайя, Кастань, Мехель бар. Шамалы сөйлесіп, бір-бірімізге болашақта сәттілік тіледік.
Сурет: kff.kz