«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жоржиньо: «Мұндай жеңістен кейін шаршау сезілмейді»
Қайрат

Жоржиньо: «Мұндай жеңістен кейін шаршау сезілмейді»

30 июня 2025
/ 17:41
«Қайраттың» португалиялық шабуылшысы «Ордабасыны» жеңгені, соққан голы, келесі матчқа дайындалып жатқаны және физикалық жағдайы туралы айтты:
— Ең алдымен, рақмет. Бұл өте қиын матч болды. Біз дәл осындай ойын болады деп күткенбіз. Мұндай ойындарда тартыссыз өтпейді. Ерте гол соққанымыз жақсы болды. Әрдайым осылай бастаған пайдалы. Бірақ кейін қиындық туды, өйткені қарсылас ойын құрылымын өзгертті. Бұл бізге біраз қиындық әкелді. Үзілісте біз кейбір нәрсені түзетіп, жақсырақ ойнай бастадық. Ал 75–80 минуттан кейін ойын тағдыры шешіліп қойғандай болды. Одан кейінгі жағдай — мүлде басқа әңгіме. Ол жайында айтқым келмейді.
— Сен қайтадан «Ордабасыға» гол соқтың. Былтыр да Шымкентте дәл солай гол салдың. Не сезіндің?
— Гол соққан сайын қуанамын. Дәл сол командаға қайтадан гол салғаным жақсы болды. Бір қызығы, бұл жолы да доп сол қақпаға, алаңның сол бөлігінде кірді. Қарсылас кім болса да, гол соққан әрқашан тамаша.
— Келесі ойын жұма күні болмақ. Команда 5 күнде қалай қалпына келіп, дайындалады?
— Әдеттегідей. Біз — кәсіби футболшылармыз. Қазақстанда бұл жиі кездеспейді, бірақ біз әр ойынға дайын болуымыз керек. Мұндай жеңістен кейін шаршау сезілмейді. Бар күшімізді салып жеңіске жеткен соң демалу да жеңіл өтеді. Ертеңгі күні-ақ бәрі қалпына келеді. Сосын келесі шайқасқа дайындала бастаймыз.
— Аяғың қалай? Жағдайың қалай?
— Аяғым сәл ауырып тұр, бірақ алаңдауға негіз жоқ. Қарсылас дәл аяғыма құлап түсті. Сондай қарқынды ойында әрі қарай ойнау оңай болмады.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»