«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жора Арутюнян: «Біздің футболисттер клубтың философиясын керемет меңгеруде»
Академия жаңалықтары

Жора Арутюнян: «Біздің футболисттер клубтың философиясын керемет меңгеруде»

29 июля 2019
/ 11:00

«Қайрат» ФК Академиясының 2007 ж. командасы академиялар мен футбол орталықтарының жасөспірімдер мен жастар командалары арасындағы футболдан өткен ҚР чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда, чемпион атанды. Жарты жыл ішінде командамен үш турнирді жеңген, клубта алты жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан команда тәлімгері Жора Арутюнян, өзінің жеңіске жетудегі сәттілік құпиясымен бөлісті.

-Жора, мерзімнен бұрын чемпион атанғандарыңмен құттықтаймын! Бұл үлкен жетістік!

-Құттықтауларыңызға көп рахмет! Ия, бұл үлкен қуаныш және де мақтаныш.

Мен бүкіл бапкерлер штабының атқарған жұмысын атап өткім келеді. Менің көмекшім Раимбакиев Руслан Курбатаевичқа, қақпашылар бапкері Антипин Анатолий Анатольевичқа, ОФП тренері Мухитдинов Эльнор Шухратовичқа рахмет және де маған дейін осы керемет командамен жұмыс жасаған барлық бапкерлерге алғысымды айтамын.

- Сіз бұл командамен жақында ғана жұмыс жасай бастадыңыз, қалай тез арада прогресске қол жеткіздіңіз?

- Мен команданы осы жылдың қаңтар айында қабылдадым. Сәттілік құпиясы өте қарапайым, біздің команда да өте керемет ойыншылар жиналған. Футболисттер үлкен ықыласпен жаттығады да, ойнайды да. Біз барлығымыз өзіміздің күшімізге және де істеп жатқан ісімізге сенеміз.Жасөспірімдер мен жастар командалары арасындағы Қазақстан чемпионатына дейін, біз МФЛ Jastar және де Nauryz Cup турнирлерінің чемпионы атандық. Бұл екі турнир Республика чемпионатына жақсы дайындық болды. Сондықтан да біз жақсы дайындықпен келдік. Бірінші тур Шымкентте болды. Бізге «Астана», «Ордабасы», «Тобыл», «Қайсар» секілді мықты командалар қарсы тұрды. Бірінші матч «Астанаға» қарсы болды. Балалар бірінші таймда гол сала алмағасын, кішкене қобалжыды. Екінші таймда балалар жиналып, қарсыласты тығырыққта тіреп 3:0 есебімен жеңді. Екінші ойында біз «Ордабасыға» қарсы ойнап, ойынды 1:0 есебімен алда болдық, ал үзілістен кейін біздің қақпаға айып добы тағайындалды. Біздің балалар еш берілмей тағы екі гол соқты.

- Команда мерзімнен бұрын чемпион атанып қана қоймай, 15 ойында 2 гол ғана жіберді. Таң қалдыратын нәтиже!

-Ия, біз өте қуаныштымыз. Соңғы рет біз екінші тур аясында ғана гол жіберіп алғанбыз. Бұл «Шахтерға» қарсы ойын болды. Тур Қарағандыда өткен. Қожайындар бірінші минутта-ақ гол салған. Шыны керек біз кейін алты гол салып, 1:6 есебімен жеңдік. Артынша бізде «Ертіске» қарсы өте қызық матч болды. Павлодарлықтар бізді өздерінің ойынға деген ынтасымен таң қалдырды. Алғашқы 15 минут тең өтті. Ойынның қираған кезі Мансур Биркурмановтың голы болды. Ол «тоғыздыққа» 25 метрден гол соқты! Нәтижесінде біз тағы үш гол соға алдық.

- Қазір 15 матчтан кейін, сіздерде 73-2 допқа айырмашылық бар. Бұл қалай болды?

 - Біз өте коп гол соғамыз және де бізде шабуылда ойнайтын креативті ойыншылар көп.Мысалға  Исмаил Муртаза 15 ойында 19 гол соқты. Оған қоса біз қарсыластардың жарты алаңында прессингпен көп ойнағандықтан да допты аз жібереміз.Біз қарсыластарға ортадағы шеңберден өтуге мүмкіндік бермейміз. Біздің футболшылар клубтың философиясын керемет меңгеруде. Олар тез ауысуға, қарсыласқа үнемі қысым көрсетуге, прессингке, допты жоғалтқанда қайтаруға тырысады.Команда капитаны Карим Махаметжан бүкіл чемпинат кезінде бірде-бір күресте жеңілмеген. Біз тез үйренеміз және де өткен турлардағы қателіктерді ескереміз. Қорғанысымыз өте жақсы. Екі қақпашымыз Диас Реймов және Расул Салимов Қазақстандағы өзінің жасы бойынша үздіктер. Айта кету керек, өткен маусымдағы чемпионатта команда 2006 ж. жарысқа түсіп, үшінші орын иеленген. Бұл көпті білдіреді.

- Ең үлкен жеңіс қайсысы болды?

-Біз екі рет қарсыластарды 10:0 есебімен жеңдік. Үшінші турда «Оқжетпесті», төртінші турда «Алашты». Бірінші жағдайда «Оқжетпес» бізбен ашық футбол ойнағысы келді, шабуылды өз қақпасынан бастады. Ол бізге және де біздің прессингке жақсы болды. Біз кез келген талғамға сай гол соқтық. «Алашқа» қарсы ойын, Алматының дербилерінің ойыны екенін балалар жақсы түсінеді. Олар тырысып, аяғы 10:0 есепке әкелді. Голдар ойыншылардың командалық және жекелеген ойынымен соғылды. Стандарттар да керемет ойналды. Балалар матчқа қойылған тапсырманы жақсы орындап,  еңбекпен келген үлкен жеңісті тойлады. Барлық балалар турдан турға қосып келеді, біз чемпиондыққа жетсек те, барлығы қалған үш матчта жеңіске жеткісі келеді.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»