«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жоао Пауло: «Эмоцияға беріліп ойнау – жеңіске деген құштарлығымды білдіру тәсілім»
Қайрат

Жоао Пауло: «Эмоцияға беріліп ойнау – жеңіске деген құштарлығымды білдіру тәсілім»

18 сентября 2023
/ 06:00

«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы «Жетісуды» жеңгені (2:1), ойын кезіндегі эмоциялары және жеке рекордтары туралы айтты.

– Жеңіс құтты болсын! Ойын туралы пікірің қандай?

– Бүгінгі матчта беріліп ойнаған бүкіл команданы құттықтап жіберуіміз керек. Бізді қиын ойын күтіп тұрғанын білдік.

– Ойын барысында әріптестеріңе эмоцияңды көрсетіп, сөйлеп жаттың. Құпия болмаса, не туралы айттың?

– Барлық матчтарда эмоцияға беріліп ойнаймын. Бұл – жеңіске деген құштарлығымды білдіру тәсілім. Матч кезінде эмоция көрсеткен – қалыпты жағдай.

– Өткен ай гол сала алмадың. Сол жағдай саған қандай да бір қысым болмады ма?

– Әрқашан қалағанымыздай бола бермейді, бірақ мен әрқашан тынбай жаттығып, жеңіске ден қоямын.

– Бүгін дубль жасаған кезде қандай сезімде болдың?

– Гол соққаныма өте қуаныштымын. Барлық әріптесіме алғыс айтамын, өйткені оларсыз мен гол соға алмас едім.

– Жеке рекордыңды жаңарттың. Сен үшін маңызы бар ма?

– Маусым кезінде жеке өзіме қатысты рекорд туралы ойламаймын. Ол жайлы маусым аяқталғанда ойлануға болады.

– Осы жеңіс пен голдарыңды кімге арнайсың?

– Мен бұл голдарымды мансабымда өте маңызды рөл атқарған адамға – агентім Джилберто Надайға арнадым. Өкінішке қарай, ол 20 күн бұрын қайтыс болды. Бүгінгі жеңісімізге қатты қуанушы еді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»