«Қайрат» өз алаңында талдықорғандық «Жетісудан» басым түсті.
«Қайрат» - «Жетісу» - 2:1
Голдар: Эсеола, 56, Эппель, 66 - Алтынбеков, 90
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Ян Вороговский, Шелдон Бато, Акош Элек, Александр Соколенко - Магомед Парагульгов (70, Әбікен), Исламбек Куат, Бауыржан Исламхан (К) (75, Жуков) - Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин, Адеринсола Эсеола (62, Эппель).
Резерв: Владимир Плотников (Қ) - Нұралы Әліп - Вячеслав Швырев.
Бас бапкер: Карлос Феррер.
«Жетісу»: Андрей Шабанов (Қ) - Олжас Керімжанов, Дэвид Мавутор, Иван Садовничий, Андрей Харабара (65, Бойович) - Мантас Куклис (К), Эдгар Малакян, Камо Оганесян, Сабырхан Ибраев, Альмир Мухутдинов (72, Алтынбеков), Жакып Қожамберді (59, Джалилов)
Резерв: Алмат Бекбаев (Қ) - Рауан Орынбасар, Сағындықов Серік, Темірлан Әділханов - Демият Сламбеков - Олег Хромцов.
Андорраға ұзақ сапардан кейін алматылықтарға талдықорғандықтармен кездесу қиынға соқты. «Жетісу» өз қақпасы алдында қорғаныс шебін мығым ұстап, «Қайраттың» шабуылына тойтарыс берді.
Оған қарамастан, бірінші мүмкіндік қонақтардың қақпасына жасалды. Исаэльдің пасынан кейін Эсеола өкшесімен дәл соққы жасауға жақын болған – «Жетісудың» қорғанысы орнынан табылды.
19-минутта Шабанов бұрыштан жасалған шабуыл кезінде қателік жіберіп, Андрей Аршавин матч есебін ашуға жақын қалған еді, бірақ доп қақпадан сәл қиыс кетті. Ойынның бірінші жартысында есеп ашылмай, командалар үзіліске кетті.
Екінші қырықбесминуттықта да алаң иелері шабуылын доғармады. «Жетісу» «сары-қаралардың» шабуылдарына дес беруге тырысқанымен, 56-минутта талдықорғандық футболшылар қате жіберді: «Жетісудың» айып алаңына берілген пастан соң Адеринсола Эсеола гол соқты.
10 минуттан соң ойынға тыңнан қосылған Мартон Эппель матчтағы басымдықты ұлғайтты – 2:0. Кездесудің аяңында жетісулықтар есеп айырмасын қысқарта алды, бірақ қайраттықтар жеңісті уыстан жібермеді – 2:1.