«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жетісу жерінен үш ұпай
Қайрат

Жетісу жерінен үш ұпай

05 мая 2018
/ 00:00

«Қайрат» сырт алаңда «Жетісудан» басым түсті.

«Жетісу» - «Қайрат» - 1:3

Голдар: Қожамберді, 46 – Исламхан, 10, Рудосельский (аг), 16, Лунин, 71 

Алматылық ұжым Талдықорғанда «Жетісуды» сенімді ұтты. Матч есебін бірінші болып қонақтар ашты: Исламхан допты Аршавинге асырған, «Жетісудың» қақпашысы қателік жіберіп, Чума Анене гол соқты.

Алты минуттан соң талдықорғандықтар допты өз қақпасына соғып алды – 0:2. Матчтың екінші таймында «Жетісу» есеп айырмасын қысқарта алды – Қожамберді Покатилов қақпасынан саңтау тапқан. 71-минутта Лунин Фелипемен пас алмасып, артынша дәл соққы бағыттады – 1:3.

Ескертулер: Главина Денис 58, Анене Чума 78.

«Жетісу»: Шабанов Андрей (к), Касрадзе Лаша, Главина Денис, Мавутор Дэвид (Джалилов Рауль 74.), Оганесян Камо, Малакян Эдгар (Куклис Мантас 67), Бойович Милан, Ибраев Сабырхан, Мухутдинов Альмир, Қожамберді Жақып (Хромцов Олег 74), Рудосельский Тимур.

Резерв: Аязбаев Нұрлыбек, Садовничий Иван, Әділханов Темәрлан, Керімжанов Олжас, Харабара Андрей, Алтынбеков Елжас.

«Қайрат»: Покатилов Стас, Исаэль Да Силва Барбоса, Бато Шелдон, Элек Акош, Алвес Рибейро Хуан Фелипе, Анене Чума (Сильвейра Уго 82), Аршавин Андрей, Лунин Станислав, Вороговский Ян (Сүйімбаев Ғафуржан 78), Әбікен Айбол (Парагульгов Магамед 77), Исламхан Бауыржан (к).

Резерв: Плотников Владимир, Иличевич Иво, Соколенко Александр, Әліп Нұралы, Швырев Вячеслав, 

Бас төреші: ГАУЗЕР Александр (Петропавл). Көмекшілер: ПОПОВ Сергей (Астана), МОРТИН Никита (Ақтөбе). Қосалқы төреші: ИЗМАЙЛОВ Денис (Талдықорған). 

05 мамыр, 2018, 17:00 . Талдықорған, "Жетісу". 3000 көрермен.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»