«Қайрат» сырт алаңда «Жетісуға» минималды есеппен жол берді.
«Жетісу» - «Қайрат» - 1:0
Голдар: Куклис, 89
«Жетісу»: Алмат Бекбаев (Қ) - Лаша Касрадзе, Дэвид Мавутор, Андрей Лебедев, Олжас Керімжанов, Андрей Харабара - Мантас Куклис (К), Эдгар Малакян, Сабырхан Ибраев, - Олег Хромцов, Руслан Степанюк.
Резерв: Андрей Шабанов (Қ) - Иван Садовничий, Темірлан Әділханов - Альмир Мухутдинов, Жақып Қожамберді, Камо Оганесян, Сервер Джепаров, Рауль Джалилов - Елжас Алтынбеков.
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Сергей Политевич, Елдос Ахметов - Исламбек Куат (67, Жуков), Хуан Фелипе, Бауыржан Исламхан (К) (57, Эсеола) Андрей Аршавин, Акош Элек - Мартон Эппель.
Резерв: Владимир Плотников (Қ), Давид Лория (Қ) - Айбол Әбікен, Сергей Кейлер, Магомед Парагульгов, Иво Иличевич, Вячеслав Швырев.
Талдықорғандағы кездесу жеңіліспен аяқталды.
Матчтың бірінші жартысында гол соғылған жоқ. Алматылықтар қанша тырысқанымен, алаң иелерінің қақпашысы Алмат Бекбаев сенімді ойнады. Бірінші таймда Елдос Ахметовтың соққылары есте қалды, бірақ бұл тұста «Жетісудың» қорғаушылары орнынан табылды. Тайм аяғында Аршавин жақын бұрышты көздеген, бірақ доп сәл қиыс кетті.
Ойынның екінші жартысы да солай жалғасты. «Жетісу» қауіпті қарымта шабуылдарға шыққан, Покатилов орнынан табылды.
Матчтың 88-минутында талдықорғандықтар пенальти тебуге мүмкіндік алып, Куклис мүлт кетпеді – 1:0.