Бұқаралық ақпарат құралдарында «Қайрат» ФК жас жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров алматылық клубтан кетті деген жаңалық шықты.
«Қайрат» ФК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Ойыншы мен клуб арасындағы еңбек келісімі 2019 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды, ол әлі де алматылық команданың ойыншысы саналады.
«Қайрат» футбол клубы жалғыз әрі шынайы дереккөз клубтың ресми сайты екенін естеріңізге салады — fckairat.com.