Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчында өз алаңында Арменияны 4:1 есебімен ұтты.
Екінші таймда алаңға 16 жастағы екі «Қайрат» футболшысы шықты. Үзілістен кейін бірден шабуылшы Назым Алданазар ауысып шықса, ал 89-минутта жартылай қорғаушы Адина Изимбаева ойынға кірді.