«Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
«Ақжайық» - «Қайрат» - 1:2
Голдар: Мане, 87 - Аршавин, 42, Иличевич, 70
«Ақжайық»:Евгений Боровик (Қ), Сергей Басов, Малик Мане, Андрей Ткачук, Игорь Худобяк, Мирам Сапанов (К), Руслан Хаиров, Еркін Тапалов, Берік Шайхов, Азат Ерсәлімов, Иван Антипов (Нұрғалиев, 72);
Қосалқы құрам: Сергей Ткачук (Қ), Александр Удалов, Әлібек Сәкенов, Едіге Оралбай, Владимир Покатилов, Бауыржан Омаров, Әділет Болатов.
«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев (Соколенко, 88), Акош Элек, Шелдон Бато, Ян Вороговский, Исламбек Қуат (К), Хуан Фелипе, Магомед Парагульгов (Исламхан, 67), Иво Иличевич, Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза (Сильвейра, 72)
Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Нұралы Әліп, Георгий Жуков, Айбол Әбікен , Вячеслав Швырев
Қазақстанның батысындағы кездесу алматылық команда үшін оңай болған жоқ. Алғашқы минуттарда командалар өз ойындарын көрсете алмай, ұзақ уақыт бойы есеп өзгерген жоқ. Матчтың 16-минутында Ян Вороговский қапталдан пас асырған, жалғыз қалған Иличевич «Ақжайықтың» қақпашысына тура тепті.
Футболшылар бір-бірінің қақпаларынан саңлау табу үшін алаң ортасында жиі күресті. Ойынның 39-минуты Парагульковтың соққысымен есте қалды, ол алаң иелерінің қақпасына жақындап, соққы жасаған. Боровик өз командасын құтқарып қалды.
Бірінші таймның соңғы минуттарында Андрей Аршавин ойынды өзіне алып, қапталда алаң иелерінің екі ойыншысынан өтті де, қақпаны дәл көздеді – 0:1.
Екінші тайм қызықтау болды. Командалар ашылып, алма кезек шабуылдар жасала бастады. 70-минутта Иличевич әдемі пас алып, допты алаң иелерінің қақпасында тулатты – 0:2.
Кездесудің аяқ жағында Малик Мане есеп айырмасын қысқарта алды – 1:2. Бірақ бұл «Қайраттың» үш ұпай еншілеуіне жеткілікті болды.