«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жас қайраттықтар заманауи футболдағы инновациялық жүйелер туралы көбірек білді
Академия жаңалықтары

Жас қайраттықтар заманауи футболдағы инновациялық жүйелер туралы көбірек білді

28 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» ФК Академиясының ішкі білім беру бағдарламасы аясында клубтың техникалық директоры Евгений Красиков заманауи футболдағы инновациялық жүйе туралы презентация дайындады.

Дәлірек айтқанда, әңгіме клуб Академиясында Catapult GPS трекингін пайдалану туралы болды.

Бұл жүйе Академия командаларының оқу-жаттығу жиындарындағы жүктемелерге маниторинг жасап, футболшылардың жарақат алуына бөгет болып, олардың айығуын бақылауда ұстауға арналған.

Презентация аясында жүйенің жұмыс принциптері қарастырылып, мәліметтерді түсіру процесі көрсетілді. Артынша жас қайраттықтар соңғы жаттығулар мен матчтардағы өз көрсеткіштерімен танысты.

Академия тәрбиеленушілері максималды жылдамдық, сондай-ақ, үлкен жылдамдықты аймақтарда жұмыс істеу көрсеткіші бойынша басқа командалармен салыстырылды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»