«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жас қайраттықтар Краснодарда сынға түсіп жатыр
Академия жаңалықтары

Жас қайраттықтар Краснодарда сынға түсіп жатыр

20 марта 2019
/ 00:00

«Қайрат» ФК Академиясының тәрбиеленушілері мәскеулік «Динамодағы» құрдастарымен тең тарқасты.

Краснодарда жасөспірімдер арасында Сергей Вахрушевті еске алуға арналған халықаралық турнир жалғасып жатыр. Топтық кезеңнің алғашқы матчында «Қайрат» Академиясының 2003 жылғы ойыншылардан құралған командасы «Рубинге» жол берді – 1:2. Тең өрбіген ойында қазандық ұжым кездесудің соңғы минуттарында жеңіс голын соғып кетті.

Екінші матчта қайраттықтар «Динамоға» қарсы ойнап, тең түсті. Бірінші таймда мәскеуліктер жылдам гол соққан. «Сары-қаралар» гол жіберіп алған соң шабуылға ұмтылып, таразы басын теңестіріп тастады. Арсен Азатов айып соққысынан тамаша орындап, алматылықтардың топтан шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Бүгін Тимур Қасымов шәкірттері түркиялық Измирден келген «Алтынордамен» кездеседі.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»