«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жанкүйерлер үшін Орталық стадионға кіру туралы ақпарат
Клуб жаңалықтары

Жанкүйерлер үшін Орталық стадионға кіру туралы ақпарат

05 июля 2018
/ 00:00

Құрметті жанкүйерлер, кезек пен кептелістің алдын алу үшін «Қайрат» ФК көрермендерге Алматы қаласының Орталық стадионына кіру ережесіне толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Жанкүйерлердің стадионға кіру тәртібі сатып алынған билеттерге сай жүзеге асырылады, дәлірек айтқанда: батыс және солтүстік трибуналар (1-28 сектор) Абай көшесінен, шығыс трибуна (30-48 сектор) Байтұрсынов көшесі жағынан, оңтүстік трибуна (49-60 сектор) Сәтпаев көшесі жағынан.

Сондай-ақ, клуб барлық жанкүйерлерге стадионға матч басталғанша кіруді сұрайды. Естеріңізге сала кетсек, матчтың басталуына екі сағат қалғанда ойынға келген жанкүйерлер үшін интерактивті фан-аймақ өз жұмысын бастайды.

Онлайн сатып алынған билеттерді алдын ала шығарып алу қажет. Стадионға кіру ережесі туралы толығырақ білу үшін назарларыңызға видеоны ұсынамыз.

Матчта көріскенше! Алға, «Қайрат»!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»