«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Жанұя» балалар үйі «Қайраттың» спорттық базасында қонақта болды
Клуб жаңалықтары

«Жанұя» балалар үйі «Қайраттың» спорттық базасында қонақта болды

03 июля 2018
/ 00:00

«Акция» «Sulpak» компаниямен бірге ұйымдастырылды.

Жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешені «Қайрат» футбол клубының қонағы болды. Әлеуметтік жауапты клуб болғандықтан, «Қайрат» «Sulpak» компаниямен бірге кішкентай қонақтарға толыққанды экскурсия жасады.

Балалар клуб негізгі команданың жаттығу жұмыстары қалай өтетінін біліп, «Қайрат» ардагерлерінің аллеясымен өтті, сондай-ақ, «Footbonaut» ультразаманауи жаттығу құрылғысында өздерін сынап көрді.

Шараның соңында қонақтарымыз «Қайрат» футболшыларының таңғы жаттығу жұмыстарын бақылап, ойыншылардың қолдарынан клубтық доптарды сыйлыққа алды. 


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»