«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жақсы ойындағы жаман есеп
Қайрат

Жақсы ойындағы жаман есеп

20 апреля 2019
/ 00:00

«Қайрат» - «Астана» 0:1

Гол: Ротариу (21').

«Қайрат»: Стас Покатилов (қ) – Ян Вороговский, Нұрали Әліп, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев – Дино Миканович, Георгий Жуков, Исламбек Қуат, Рамазан Оразов – Сұлтанбек Астанов, Адеринсола Эсеола.

Резервте: Владимир Плотников (қ) – Сергей Кейлер, Александр Соколенко –  Айбол Әбікен, Хан Чжон Ву, Конрад Вржещиньский, Небойша Косович – Вячеслав Швырев, Мартон Эппель.

«Астана»: Ненад Эрич (қ) – Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Марин Аничич, Антонио Рукавина – Иван Маевский, Юрий Перцух, Марин Томасов, Дорин Ротариу – Роман Мұртазаев, Джуниор Кабананга. 

Резервте: Станислав Павлов (қ), Александр Мокин (қ) – Лука Шимуновичй, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко – Мади Жақыпбаев, Серікжан Мұжықов, Дидар Жалмұкан – Рангело Янга.

«Орталықта» өткен кездесуқауіпті сәттерден басталды. Қонақтар бұрыштамадан Стас Покатиловқа гол соғуға тырысты, алайда Исламбек Қуат олардың соққысын дер кезінде тоқтатты.

Алматылықтар да жауап қатты. Бірақ та Георгий Жуков қарсыластар қақпасына соққысын дарыта алмады. Доп сегізінші нөмірлі ойыншының аяғына тиіп, қақпадан жоғары кетті.

«Қайрат»  шабуылдарды жасау кезінде барлық  алаңды қамти білді. Әсіресе,

Ғафуржан Сүйімбаев қарсыластардан қақпаны қорғап бақты.

«Қайрататың» алаңда 20 минут бойы белсенді ойын көрсетті. Алайда, астаналықтар сапынан Дорин Ротариудың голы көңіл-күйімізді су сепкендей басты.  

Артынан қожайындардың қақпасына Роман Мұртазаев допты көздеп еді, алайда Покатилов орнынан табылды. Сәлден соң Марин Томасов та қақпаға жойқын соққысын жіберді. Бұл жолы да Стастың сейві құтқарып қалды. Ойынның 33-минутында Сұлтанбек Астанов елордалықтарға жауап қайтаруға сәл қалды. Георгий Жуковтың пасын Адеринсола Эсеола пайдаланғысы келіп еді, бірақ та Ненад Эрич допты қақпа сызығынан алып тастады.

Үзілістен кейін «Қайрат» қайратына мініп, алаңға шықты. Екінші таймның алғашқы минуттарында қарсылас қақпа екі қауіпті сәттен аман қалды. Алдымен Исламбек Қуаттың көлденең ұшқан добы қақпаның сол жақ жоғары бұрышына (тоғыздық) кіруге сәл қалды. Одан соң Рамазан Оразов алыстан тепті. Алайда Эричтің мықты сейві қарсыластарымызды голдан құтқарды.

Ойында қайраттықтар «Астана» қақпасына алма-кезек шабуыл жасап отырды. 67-минутта Исламбек Қуат тағы да гол соғуға ұмтылып еді, алайда тәжіребиесі мол Эрич допты қайтарды. Алексей Шпилевский Конрад Вржещиньскийді, Мартон Эппельді және Небойша Косовичті алаңға шығарса да ойыншыларымыз қарсыластар қақпасына жауап голын соға алмады.

Осыылайша, Қазақстан чмепионатының алтыншы турының ең маңызды матчы «Астананың» жеңісімен аяқталды – 0:1.


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»