«Қайрат» ФК резерв Академиясының тәрбиеленушілері «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығында қонақта болды.
Басқа да алматылықтар секілді, «Қайраттың» шынайы жанкүйері саналатын балалар мен футболшылардың кездесуі дәстүрлі түрде өтіп, «Көңілді жарыс» форматындағы сайыс ұйымдастырылды.
Екі топқа бөлінген балалар өздеріне он қайраттықтан шақырды. Осылайша араласып құралған «Львенок» пен «Барсик» командалары спортшылардың дайындық элементтері бойынша жұмыс істеп, кейін доппен жаттығу және кедергіден өту секілді сайыстарға қатысты.
Екі топ та жанталасып, жеңімпаз болуға тырысқанымен, сайыс тең есеппен аяқталды!
Достық жеңіске жетті!
Кездесу барысында «Қайраттың» жасөспірім ойыншылары «Мейірімдегі» балаларға клубтың символдарына сай стильмен салынған жұмсақ ойыншықтарды тарту етті. Енді оңалту орталығының балаларын қайраттың команданың ресми символына айналған «Бүркіт» қорғап жүреді.
- «Мейірімдегі» балалармен жиі кездесіп тұруға тырысамыз, - дейді «Қайрат» ФК резерв Академиясының тәрбиеленушісі Әлімжан Данияр. – Бізді мұнда асыға күтіп жүретінін түсінеміз. Балалар жаңа әсер алуға, өздері үшін маңызды жаңалықтарды айтуға, табыстарымен бөлісуге тырысады.
- Біз, өз тарапымыздан, жас жанкүйерлерге өз үміттерімізбен, қолдан келгенде, спорттық машықтарымызбен қуана бөлісеміз, - дейді «Қайрат» ФК резерв Академиясының тәрбиеленушісі Слямхан Аңсар. – «Мейірімдегі» ұлдар мен қыздар «Қайрат» негізгі командасының ойындарында жиі қонақ болады. Балаларға үшінші наурызда Алматыда өтетін Суперкубок матчта команданы қолдаңдар деп шақырту бердік.