Әдетте тимбилдинг термині деп ұжымның жұдырықтай жұмылуына және командадағы ортақ міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған белсенді іс-шараларды атайды.
Біздің жағдайымызда команда дегеніміз футболшылар. Дәлірек – «Қайрат»!
Жаңбырлы ауа-райы алматылық футбол клубының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жаттығулар кестесіне өзгеріс енгізді. «Қайраттың» бапкерлік штабы бос қалған уақытты өзара жұмылып, бір-бірімен түсінісе ойнау жұмысын күшейтуді жалғастыру мақсатында жұмыс істеуді жөн деп тапты.
Бұл жаттығу спортзалда өтті, әзіл-қалжыңға құралған ол тапқырлық жарысына айналды.
Мұнда бәрі де жеңіске жетті! Бапкерлер мен футболшылар, менеджерлер мен дәрігерлер, видеооператорлар мен ерікті көмекшілер!
Толығырақ «Қайрат-ТВ» арнасының Түркиядан арнайы репортажынан көріңіздер!