«Қайрат» ФК Академиясында 2000 жылға дейін туған командалар арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің финалистерін марапаттау рәсімі өтті.
Финалдық кезеңде төрт команда ойнады: «Қайрат», «Тараз», «Тобыл» және «Семей». Бүгінгі матчтардың қорытындысы бойынша, үш жүлдегер анықталды.
Біріншіліктің алтын медалін «Тараз» тәрбиеленушілері еншіледі, олар «қайраттықтарға» қарсы кездесуде минималды жеңіске жетті – 1:0. Екінші орынды «Қайраттың» тәрбиеленушілері алды, олар қарсыластарынан екі жасқа кішкентай болатын. Ал үздік үштікті «Тараз» футболшылары түйіндеді.
Сондай-ақ, салтанатты шарада мына позициялар бойынша жүлделер берілді: біріншіліктің «алтын қолғабын» «Тараз» қақпашысы Станислав Щербаков еншіледі, үздік қорғаушы атағын «қайраттық» Абдулла Шен алды, ал үздік жартылай қорғаушы болып «Тобыл» ойыншысы Рахат Қабдолов танылды, біріншіліктің үздік шабуылшысы жүлдесін «қайраттық» Байжан Меделхан алды, біріншіліктің үздік ойыншысы – «Тараз» өкілі Рамазан Аллахвердиев. «Оқжетпестің» тәрбиеленушісі Арман Төлегенов үздік сұрмерген атанды.