«Қайрат» – «Арсенал» 3:2
Голдар: Дугалич (42'), Бакаев (51'), Вржещиньский (59'), Эсеола (61') Мирзов (73') пенальтиден.
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) – Ғафуржан Сүйімбаев, Раде Дугалич, Сергей Политевич, Еркебұлан Тұңғышбаев – Хан Чжон Ву, Айбол Әбікен, Исламбек Қуат (К), Конрад Вржещиньский – Вячеслв Швырев, Адеринсола Эсеола.
Резерв: Владимир Плотников (Қ) – Елдос Ахметов, Нұралы Әліп, Александр Соколенко, Ян Вороговский – Магомед Парагульгов, Рифат Нұрмұғамет, Георгий Жуков, Сергей Кейлер, Рамазан Оразов – Мартон Эппель.
«Арсенал»: Артур Нигматуллин – Виктор Альварес, Максим Беляев, Гия Григалава, Кирилл Комбаров – Мохамед Кадери, Игорь Горбатенко, Эванс Кангва, Сергей Ткачев – Зелимхан Бакаев, Лука Джорджевич.
Резерв: Егор Шамов (Қ) – Александр Денисов, Максим Володько, Анри Хагуш, Бакари Коне – Гурам Оджоев, Георгий Костадинов, Михаил Александров, Ярослав Ивакин – Даниил Лесовой, Огнен Ожегович.
«Қайрат» түркиялық жиындағы төртінші жолдастық матчында ауыр жеңіске қол жеткізді. Бұл жолы алматылық команданың қарсыласы тулалық «Арсенал» футбол клубының ойыншылары болды.
Ресейлік командаға қарсы кездесу арбитр Александр Ануфриевтің фол болғаны жайлы ысқырығымен басталды. Алғашқы минуттан екі команда да күресуге дайын екені байқалды. «Зеңбірекшілер» шағын фолдар тактикасы арқылы ойнап, алматылықтардың көлемді шабуылдар ұйымдастырууына бөгет болуға тырысты. Алексей Шпилевский шәкірттері жиі айып соққыларын орындап, бұрыштамалар көтерді. Жарақатынан толықтай айыққан Еркебұлан Тұңғышбаев белсенді ойнады, оның белсенді ойынын ресейліктер күтпесе керек, Еркебұланға қарсы жиі ойын тәртібі бұзылды. Бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда Виктор Альварес Адеринсола Эсеоланың бетінен ұрғаны үшін сары қағаз алды. Хан Чжон Ву айып соққысынан допты қақпаға бағыттаған, қарсыластың голкипері Артур Нигматуллин допты қолында ұстай алмады. Нәтижесінде, Раде Дугалич кері серпілген допты қақпаға дәл бағыттады. Сербиялық қорғаушы стандарттық шабуылдарда өте пайдалы екенін тағы да дәлелдеді. Осылайша, алматылықтар үзіліске 1:0 есебімен кетті.
Үзіліс «Арсеналға» оң әсерін тигізді. Тулалық ұжым алаңға есепті қалай да теңестіру үшін шықты. Нәтижесінде, екінші таймның алтыншы минутында Зелимхан Бакаев отыз метрден жойқын соққы жасап, таразы басын теңестірді. «Сары-қаралар» бұған жауап ретінде Нигматуллиннің орнына шыққан Егор Шамовтың қақпасына шабуылдарды қарша боратты. 59-минутта Вячеслав Швырев допты Конрад Вржешиньскийге қалдырған, соңғысы өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Екі минуттан соң «Қайрат» өзінің үшінші голын соқты. Швырев оң қанаттан шабуылдап, Адеринсола Эсеоланы доппен тапқан, форвард дәл әрі жойқын соққы жасады – 3:1.
Ойынның нүктесі пенальтимен қойылды. Нұралы Әліп өзінің айып алаңында Гурам Оджоевты құлатқан, нүктеге Резван Мирзов келді – 3:2. Соңғы ысқырыққа дейін қайраттықтар тағы бір гол соғуға жақын болған, бірақ мүлт кетіп жатты. Ян Вороговскийдің соққысын атап өтуге болады, «Арсеналдың» қақпашысы орнынан табылды. Осылайша, Алексей Шпилевский жолдастық матчтардағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Матчтан кейін «Қайрат» пен «Арсеналдың» бапкерлері ойын жайлы пікірлерін айтты:
«Матч мазмұнды болды. Соңына таман команда шаршаңқырап қалды, бірақ бұл ойынға көңілім толды. Біз алға қарай қадам жасадық, - дейді «Қайрат» ФК аға бапкері Алексей Шпилевский. – Ресейлік Премьер-лиганың клубынан толығымен басым болды. Екінші таймда жіберілген қателік пенальти алып келді, бірақ қателікті осындай уақытта жіберген дұрыс, оны жөндеуге уақыт бар. Футболшылардың беріле ойнағаны ұнады. Бүгінгі қарсылас «Астанаға» жақындау болды, сондықтан Супербок матчы алдындағы осы сынаққа көңілім толады».
«Жақсы парринг болды. «Қайтат» үшін де, біз үшін де солай, - дейді «Арсеналдың» бас бапкері Игорь Черевченко. – Қателер болды, бірақ маусым алдындағы дайындық сол үшін керек қой. Жөндейтін тұстарымыз бар. Ресми матчтардың басталуына әлі уақыт жеткілікті. Ойын тартысты әрі қарқынды өтті. Мұндай матчтар жаттығу жиынының сәні болады. «Қайратқа» Қазақстан Суперкубогының матчында сәттілік тілегім келеді».
Фото: https://vk.com/pfcarsenaltula