«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Үздіктерді тәрбиелейміз
Академия жаңалықтары

Үздіктерді тәрбиелейміз

28 апреля 2018
/ 00:00

«Қайраттың» Академиясында салтанатты шара өтті.

«Қайрат» ФК-ның Тимур Санжарұлы Сегізбаев атындағы Академиясының манежі ішінде өткен тоқсанда өздерін белсенді танытқан клуб тәрбиеленушілерін салтанатты түрде марапаттау шарасы өтті. Марапаттау Академияның төрт түрлі жас дәрежесіне бөлінді. Жеңімпаздар оқу орнындағы үлгерімі, спорттағы жетістігі мен «Қайрат» Академиясы ішіндегі қосымша сабақтарға қатысуы бойынша анықталды.

Жас қайраттықтарды марапаттағандар: алматылық клубтың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, құрметті ардагерлер Құралбек Ордабаев, Виктор Катков, Михаил Гурман және негізгі команда футболшысы Георгий Жуков. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»