Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында төрелік ететін арбитрлер бригадасы анықталды, алматылық «Қайрат» бұл турда сырт алаңда петропавлдық «Қызыл-Жар СК» клубымен кездеседі.
Кездесудің бас төрешісі болып ақтөбелік Бақыт Қызылбаев тағайындалды. Осы маусымда Қызылбаев алматылық клубтың екі матчында төрелік етті: алғашқы ойында «сары-қаралар» өз алаңында «Ақжайықты» жеңген – 3:0, екінші матчында қарағандылық «Шахтерден» басым түсті – 2:0.
Оған екібастұздық Дмитрий Будниченко мен павлодарлық Айдын Тасыбаев көмектеседі. Матчтың қосалқы төрешісі – Александр Гаузер.
Кездесудің инспекторы семейлік Виктор Заякин болады.