Матчтың төрешілер бригадасы анықталды.
11 наурызда алматылық «Қайрат» 2018 жылғы маусым Премьер-лигасының алғашқы туры аясында петропавлдық «Қызыл-Жар СК» клубымен кездеседі. Матчтың бас төрешісі оралдық Болат Сариев болады. Оған атыраулық қазылар Денис Лабашов пен Анатолий Ходин көмектеседі.
Матчтың қосалқы төрешісі қызметін алматылық Сергей Гороходавацкий атқарады. Ойын инспекторы – өскемендік Павел Салий.