Қазақстан футболының ардагері Юсуп Шадиев 1 қыркүйек күні өтетін ҚПЛ үшінші айналымындағы «Оқжетпес» - «Астана» матчының кейінге шегерілуі туралы өз пікірін білдірді. Бүгін «Қайрат» 24-тур аясында өз алаңында «Оқжетпеске» қарсы матч өткізеді. Бүгінгі біздің қарсыласымыз «Астананы» бір аптадан кейін қабылдауы керек еді, алайда кеше хабарланғандай, матч тек 30 қазанда өтеді. Қазақстан футболының ардагері Юсуп Шадиев матчтың кейінге қалдырылғанына өз пікірін білдіріп, ҚПЛ шешуші шеңберінде мұндай қадамдарға жол берілмеу керектігін айтты.
Юсуп Алаутдинович, неліктен «Оқжетпес» - «Астана» матчы ауыстырылды?
- Бұл жерде барлығы анық. «Астана» Беларусиядан ұшып келеді.
- Осындай кездесуде «Қайрат» «Тобылмен» матчтың ауысуын сұрамады, бірақ Босния және Герцеговинадан ұшып келген.
- Егер де «Оқжетпес» пен «Астана» өзара келіссе, онда ойын күні ауысады. Бірақ бұл жағдайда «Астана» көп үстемдік алады. Оларда қосымша бір емес, екі матч болады. Чемпиондыққа күресте қарсыластардың нәтижелеріне қарап әрекет етсе болады. Еуропадағыдай істеу қажет, яғни бір күнге, әрі кетсе екі күнге, бірақ басқа күнге емес.
- Яғни, футбол Федерациясына регламентті қайта қарау қажет пе?
- Мен айтып кеткендей, Федерация клубтарға ауысуларды өзара келісуге тыйым салмайды. Менің білетінім, келіскен жағдайда клуб барлық шығындарды өзіне алады. Бұл жағдайда «Астана» «Оқжетпеске» бүкіл жіберілген қаражатты және де төрешілердің жұмысын да төлейді.
- Көп мамандар чемпионаттың үшінші айналымында ойын ауысуларға мүлдем жол берілмеу керек дейді. Сіз не ойлайсыз?
- Мен де шешуші айналымдағы барлық ауысуларға тыйым салыну керек деп ойлаймын. Бұл жерде чемпиондыққа күрес болып жатыр ғой. Аралық қысқа. Ауысуларға жол беріледі, егер де ұлттық құрама ойнаса ғана. Қазіргі «Астанада» құрамада ойнайтын ойыншылар аз. Оларда шетелдіктер ғана ойынның ауа райын жасайды. Мысалға, Томасов. Оны алып тастасаң БАТЭ-ны бұлай ұтпас та еді.
- Осылайша, өз қоржынында тағы екі қосымша ойыны бар «Астана» чемпиондық жарыстың фавориты бола ма?
- Жоқ, мен «Қайратқа» сенемін. 70 пайызға осы маусымда алматылықтар жеңіске жетеді деп ойлаймын. Маған «Қайраттың» ойыны ұнайды. Ол жерде ойынның ауа райын құраманың жігіттері жасайды. Исламхан, Сүйімбаев, Қуат. Мені тағы қуантатыны жас қазақстандықтардың ол жерде басты рөлдерде ойнайтыны. Абикен, Сейдахмет, Оразов, Әліп сияқтылар. Олар қазақстандық футболдың болашағы. Мен әрдайым негізгі құрамды қазақстандықтар құрайтын командаларға көп жанкүйер боламын. «Қайратта» үш легионер шықса, басқа командаларда алтау шығады.
- Сіздің ойыңызша ауысқан матч қай жерде өтеді?
- Бұл жерде бірнеше нұсқалар бар. Егер де Көкшетау болмаса, қостанайлық манежде. Ол бірақ Нұр-Сұлтанда болмау керек, бұл дұрыс емес. Қайталап айтамын, мен шешуші айналымда барлық ауысуларға мүлдем тыйым салыну керек деп ойлаймын.