«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ян Вороговский: «Бір-біріміз үшін жанталастық»
Қайрат

Ян Вороговский: «Бір-біріміз үшін жанталастық»

01 октября 2018
/ 00:00

«Қайраттың» қапталдағы қорғаушысы Ян Вороговский «Ақтөбеге» қарсы матчта қаһармандардың бірі болды, оның командасы қонақтарды 6:1 есебімен жеңген болатын. Ойыннан кейін Ян клубтың ресми сайты қойған сұрақтарға жауап берді.

- Құттықтауыңыз үшін рақмет. Таблодағы нәтижеге қарамастан, «Ақтөбеге» қарсы ойындар жеңіл болмайды. Шегінерге жол жоқ екенін түсіндік, жай ғана алаңға шығып, бір-біріміз үшін шайқастық. Бәрі де бапкерлдің нұсқауларын орындауға тырысып, өздерінің бар мүмкіндіктерін көрсетуге тырысты.

- Мынадай шағын дәстүр пайда бола бастады: Орталық стадионда «Ақтөбені» ірі есеппен жеңу. Матч алдында бәрі осылай болады деп болжадыңдар ма?

- Жоқ, біз есептің осындай болатынын күткен жоқпыз. «Ақтөбеде» көптеген жақсы ойыншылар бар. Ал чемпионатты бақылап жүргендер олардың жақсы ойнап жүргенін және азулы қарсылас екенін біледі.

- Сен қорғаныс сол қапталында да, оң қапталында да ойнап, позицияңды жиі ауыстырасың. Екі жағдайда да қолайлы ма?

- Мен бапкерлік штаб қойған позицияларда ойнаймын. Маған үлкен айырмашылық жоқ, ең маңыздысы – алаңға шығып, командаға көмектесу.

- Соңғы сұрақ: жанкүйерлерге не айтқың келеді?

- Бізді қолдауға келген жанкүйерлерге алғыс айтамын. Әрине, барлық жанкүйерлерді өз аалңымыздағы әр матчта толық стадион жинауға шақырамын. Бұл біз үшін өте маңызды. Әсіресе, Алматыға келген барлық командалар осы жақтың ыстық атмосферасы қандай болатынын түсінеді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»