«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ян Труфанов: «Бізді кез келген жерде қолдайтыны қуантады»
Қайрат

Ян Труфанов: «Бізді кез келген жерде қолдайтыны қуантады»

16 июля 2023
/ 06:00

«Қайрат» шабуылшысы «Оқжетпесті» жеңгені (1:0), гол сериясы, Вячеслав Швыревпен байланысы және аға жолдастарының кеңестері туралы айтты.

– Ян, жеңіс құтты болсын! Ойын туралы айта кетсең. 

– Көп рақмет. Жалпы, екі тайм да жақсы болды деп ойлаймын. Гол соға алмай қалған көп мүмкіндігіміз болды. Мұндай кездесулерде екі-үш гол соғу керек. Есеп сенімсіз болып тұрды. Қарсыластың пайдасына шешіліп кетуі де ықтимал еді. Жалпы, матч жақсы өтті. Қақпамызды құрғақ сақтап, үш ұпай алдық. Жанкүйерлерге қолдағаны үшін рақмет! Бізді кез келген жерде қолдайтыны қуантады.

– Бірінші рет негізгі құрамда шықтың. Қандай әсер алдың?

– Ең алдымен, құрамдағы орынды сеніп тапсырған бапкерлер штабына рақмет. Басында таңғалдым, кейін ойынға дайындалдым.

– Слава Швыревтің пасынан тағы гол соқтың. Екеуіңнің байланысың туралы не айтасың? Жаттығуда арнайы дайындайсыңдар ма?

– Жоқ, біз ондайды жаттықтырмаймыз. Мұндай пастарды әдейі маған береді деп ойламаймын. Осындай пастарды басқа да командаластарына да бере алады. Пасты кімге беру керектігін Слава өзі шешеді. Сондықтан алдын ала дайындаған, дәл маған арналған пас емес. Ойын барысында болатын жайт.

– Ойын және жаттығу кезінде командаластарың саған жиі кеңес беретінін байқадым. Бұл саған қалай әсер етеді?

– Бұған жақсы қараймын, онда тұрған ештеңе жоқ. Мен жас ойыншымын, тәжірибелі ойыншылардың кеңесін алғым келеді. Осылайша мен алға қарай дамимын.

– Осы маусымда қандай мақсаттар қоясың?

– Мен бірінші кезекте командалық мақсаттар қоямын: еурокубок аймағына кіру, алаңға шығып, командаға көмектесу. Әр матчта өз мүмкіндігімді пайдаланып, команда үшін ойнауға тырысамын.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»