«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Winline Суперойын: «Қайрат» Алматыда «Зенитпен» ойнайды!
Қайрат

Winline Суперойын: «Қайрат» Алматыда «Зенитпен» ойнайды!

22 сентября 2023
/ 06:00

Ресейдің он дүркін чемпионымен жолдастық кездесу 2023 жылдың 14 қазанында өтеді. Ойын сағат 17:00-де басталады.

Кездесу QAZSPORT және «Матч ТВ» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Билет сатылымының басталғаны туралы кейінірек хабарлаймыз. Осы ойынға абонементтің жарамды екенін айта кетеміз.

Санкт-Петербургтік «Зенит» – Ресей мен КСРО-ның он дүркін чемпионы, Ресей мен КСРО кубогының бес дүркін жеңімпазы, Ресей мен КСРО суперкубогының тоғыз дүркін иегері. 2007/08 маусымындағы УЕФА Кубогының және 2008 жылғы УЕФА Суперкубогының жеңімпазы.

Осы жылдың қаңтарында клубтарымыз көптеген қызмет саласына қатысты екіжақты ынтымақтастық туралы келісім жасады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»