«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Вячеслав Швырев: «Топтан шығуға әлі де мүмкіндігіміз бар»
Қайрат

Вячеслав Швырев: «Топтан шығуға әлі де мүмкіндігіміз бар»

12 сентября 2019
/ 11:00

«Қайрат» пен Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Вячеслав Швырев Израиль құрамасына қарсы матч туралы, өзінің голы, жастардың топтан шығу мүмкіндігі туралы айтты.

- Слава, израильдіктермен матчтан алған әсерлеріңмен бөліссең.

- Бұл матчқа сәл шаршап шықтық. Испандықтармен ойында алаңда көп күш пен эмоция қалдырдық. Біздің алдымызда топтан шығу міндеті тұрғаны бәрімізге түсінікті болды, сондықтан барлығы жеңіске жігерленіп, күресуге шықты. Бірінші таймда біз өте жақсы ойнадық, бірақ стандарттан жіберіп алдық. Болады. Бұл футбол. Сол сәтте аздап концентрацияны жоғалттық. Әрине, берілмедік. Өз футболымызды ойнауды жалғастырдық. Біз есепті теңестірдік, содан кейін пенальти алып, алға шығуға мүмкіндік алдық. Сол сәтте Акмальдың гол соқпағаны өкінішті, бірақ бұл лотерея. Кез келген футболшы оның орнында бола алады. Екінші таймда шаршағанымыз әсер ете бастады. Физикалық тұрғыдан аздап бәсеңдеп, соңында екінші голды жіберіп алдық.

- Жастар құрамасындағы дебютті голыңмен құттықтаймын!

- Үлкен рахмет! Осы сәтте серіктестер керемет ойнады. Оралхан Өміртаев қарсыласпен күресіп, оны қателік жасауға мәжбүрледі. Адам Адахаджиев допты алып, мен қорғаушылардың жоғары екенін байқап,  олардың артына жүгірдім. Адам мұны көріп, допты маған қарай бағыттады. Ол «Қайратта» көптеген доп берулерді орындайды, сондықтан да оның пасы маған жететініне сенімді болдым. Нәтижесінде доп қорғаушыға тиіп, мен бұған тез жауап бердім. Маған тек қана қақпаға гол соғу ғана қалды.

- Біздің ойыншылардан ерекше кімді атап өтер едің ? Қарсыластың құрамынан кімді ?

- Израиль - шабуылда жақсы ойнайтын жақсы команда. Допты қапталдан қапталға жақсы жылжытады. Олардың жеке мықты ойыншылары бар. Мен біздің команданың барлық ойыншыларын ерекше атап өткім келеді. Екі матчта да біз шынымен шайқастық. Бәріміздің мақсатымыз бір еді. Барлығы бір-біріне көмектесті, қолдады. Бұл ойындарда ұпай жинамағанымыз өкінішті, бірақ біз үміт үзбейміз. Келесі матчтарға дайындаламыз. Топтан шығуға әлі де мүмкіндігіміз бар.

 

 

 

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»