«Ордабасыға» қарсы матчта төртінші голдың авторы атанған «Қайраттың» шабуылшысы Вячеслав Швырев ойыннан алған өз эмоцияларымен бөлісіп және де голды кімге арнағанын айтты.
- Слава, жеңіс құтты болсын!
-Рахмет. Бүгін біз өте маңызды жеңіске қол жеткіздік. Біз мақсатымызға, арманымызға бір қадам жақындадық. Бұл жақсы көңіл-күймен ары қарай дайындалуға көмектесетін құнды үш ұпай. Енді әр матч алтынмен өлшенеді.
- Сен қызықты жетістіктің авторы болдың: сенбіде «Қайрат-Жастарға» гол соқтың, ал жексенбіде «Қайратта» көзге түстің, құттықтаймыз!
- Рахмет! Мен әрдайым алаңға шыққанда өз жұмысымды істеуге тырысамын. Мен шабуылшымын. Меннен голдар, нәтижелі іс-әрекеттер күтеді, сондықтан да мен командама пайдамды тигізу үшін барымды салып ойнауға тырысамын. Екі матчта да мен өз міндетімді орындадым.
«Ордабасы» қақпасына соғылған голды кімге арнадың?
- Менің қызым Лераға. Оның туған күні, құттықтағым келді! Мен тағы бір рет гол соққаннан айтып жеткізе алмайтын эмоциялар сезіндім! Бәрі ойдағыдай болғанына өте қуаныштымын.
- Сен бойы ұзын шабуылшы емессің, қалайша «екінші қабаттан» көзге түсе алдың?
- Небойша Косовичке рахмет. Ол керемет пас берді. Мен аймаққа қарай жүгіріп, оның жоғарлатып пас беретінін көрдім. Косович барлығын шебер жасады, маған тек секіріп гол соғу ғана қалды.