- Вячеслав, бүгінгі матчты қалай бағалайсың?
- Біз қарсыластардан баса озып, үздік ойын үлгісін көрсеттік деп ойлаймын. Қарсыластарға қарсы көптеген қауіпті сәттерді жасадық. Соңғы сәтте не үшін жеңілгенімізді түсінбеймін. Бұл – жәй ғана жол болмаушылық. Біз үнемі қисынсыз голды өткізіп ала береміз. Стандартты жағдайдан, пенальтиден, рикошеттен. Бүгін де рикошеттен гол соғылды.
- Дерин Эсеолаға пас шығарған кезіңді айтып берсең...
- Исламбек Қуат ойынға қосылғанымды көріп, маған допты тепті. Мен Деринге пас шығардым. Алайда, қақпаға допты кіргізуге дәлдік жетіспеді. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Жолымыз болмады. Дериннің есебінде үш ұпай бар. Ол өз жұмысын жасады. Сол үшін де бұл сәтсіздікке ғана тіреліп қалуға болмайды. Жанкүйерлердің ысқырық жаудыртқаны да болмады. Алкмардан келген АЗ командасына гол соққанда бәрі оның фамилиясын айтып, шапалақтаған болатын. Сәл ойнай алмай қалып еді, ысқырықтар естіліп жатты...