«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Вольфганг Гейгер: «ойын нәтижесіне көңілім толады»
Академия жаңалықтары

Вольфганг Гейгер: «ойын нәтижесіне көңілім толады»

02 мая 2019
/ 00:00

- Вольфганг, сіз төрт айдан бері «Қайраттасыз», осы кездерді қалай бағалайсыз?   

- Иә, бірге жұмыс атқарғаныма төрт ай болып қалыпты. Академияның алға дамуы үшін барлық ойыншылар мен бапкерлер барын салып бақты. Маңызды қадамдар жасадық. Бізді алдағы ұзақ жолда үлкен мақсаттар мен нәтижелер күтіп тұр...

- Қазақстан чемпионаты аясында өткен ойындардың нәтижесіне көңіліңіз тола ма? 

- U13 пен U21арасындағы сгіз команданың әрқайсысы Қазақстан чемпионаты аясындағы алғашқы төрт ойынын өткізді. Нәтижеге көңілім толады. 32 ойын көрсетсек, оның 27-сі біздің пайдамызға шешілді. Үш тең ойын, екі жеңіліс. Бұл – өте тамаша көрсеткіш. Алайда, нәтижеден бұрын алаңда қалай ойнайтынымыз маңызды. Алдағы уақытта шабуылға толы, таптысты әрі қызыұты матч өткізге тырысамыз. Ойын мәнеріне ден қойсақ, жақсы нәтиежеге қол жеткіземіз деп ойлаймын.

- Академияның дамуы үшін алға тағы қандай мақсаттар қойдыңыз?

- Біз футбол жағынан ғана емес, Академияда жұмыс істейтіндердің барлығының өзінің ісінің үздік маманын болғанын қалаймыз. Мамандар, эксперттерді тауып, оларды оқытып, әрі қарай дамытуымыз керек! Бізге физиотерапевттер, видео-аналитиктер, жақсы педагогтар мен психологтарды іздестірудеміз. Командамыздың ойыншыларын алаңға дайындайтын мамандардың болғаны халықаралық турнирлерде топ жаруымызға септігін тигізеді.

- Алматыда және тағы басқа қалаларда футболдан басқа не көрдіңіз?  

- Өкінішке қарай, әлі ештеңе көріп үлгермедім. Үш рет Шымкентте, екі рет Астанада, Таразда да тек жұмыс сапарымен қайттым. Алматыда да ештеңе көріп үлгермедім. Осы аптада жұбайым Қазақстанға келмекші, тауға шығуды жоспарлап отырмыз. Қазақстанның қонақжайлылығын көруге үш жыл уақыт бар. Ал қазір тек Академия футболын қалай дамытуды ойлау керек. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»