«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Владимир Журавель: «Екінші гол бәрін су сепкендей басты»
Қайрат

Владимир Журавель: «Екінші гол бәрін су сепкендей басты»

19 мая 2018
/ 00:00

Қарағандылық «Шахтердің» бапкері Владимир Журавель «Қайратқа» қарсы матч жайында пікірін айтты.

- «Қайрат» біздің командадан мықтырақ екені түсінікті, оның үстіне, өз алаңында ойнады. Бірінші таймда аймақты беріп қойдық, алыстан бірнеше соққы жасадық. Негізі, мүмкіндіктер көп болған жоқ. Өкінішке қарай, соңында гол жіберіп алдық. Бірақ екінші таймда шабуылда сенімдірек ойнай бастадық. 1:0 есебі ештеңені білдірмейтін еді, алайда екінші гол бәрін су сепкендей басып тастады. Ойынның басында күтпеген жерден тіреуші жартылай қорғаушыны ауыстыруымыз да әсер етті. Соған қарамастан, жігіттер тырысты. Стадион, антураж, футбол алаңын ерекше атап өткім келеді. Мұндағы ойыннан ләззат алдық. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»