«Қайраттың» қақпашысы Владимир Плотников «Атырауға» қарсы болған матчқа өз бағасын беріп, ойынға келген барлық «сары-қараларға» алғысын білдірді.
- Владимир, матчты қалай бағалайсыз? Не жүзеге асты, не аспады?
- Жалпы, менің ойымша, бізде ойын ойдағыдай болды. Бапкерлердің идеяларын алаңда жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Ия, мүмкін бәрі толығымен жүзеге аспады. Бір жерлерде орындау нашар болды. Бірақ біз жақсы қозғалдық, сәттер жасадық. Сәттер көп болды. Доп қақпаға бармайтын сәттер де болады. Бұл дәл сондай сәт. Бір жерлерде «Атырау» қақпашысы сенімді жұмыс істеді, бір жерлерде біз өзіміз қақпаға допты кіргізе алмадық. Сен көп допты соға алмасаң, онда сенің қақпаңның алдында гол соғатын сәт туады. Осы сәттердің бірі осы автогол.
- Бұл автогол көңіліңді қатты түсірді ме?
- Жоқ. Біз бәрібір алға жылжып, қарсыласқа қысым жасадық. Ірі есеппен жеңіске жете алар едік. Ең бастысы, бұл жеңіс бізге лайық. Осы ойынға келген жанкүйерлерге, бізбен бірге маусымды жапқан жанкүйерлерге үлкен рахмет. Олардың қолдауын сезіну әрқашан керемет!