«Қайрат» сапында алты маусым өткізген, Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы «Ордабасыда» мансабын жалғастырады.
Владимир Плотников – Алматы футболының тәрбиеленушісі. Еліміздің ең үздік қақпашыларының бірі 2007 жылы «Тараз» клубымен өзінің алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды. 2009 маусымда Владимир «Қайрат» сапына қосылды.
Одан кейін Плотников «Цесна», «Атырау» және «Жетісу» командаларында өнер көрсетті. 2014 жылдың қарашасында ол «Қайрат» ФК қайтып келіп, «сары-қаралармен» ұзақ келісімшартқа қол қойды.
Владимир алматылықтар үшін барлығы 126 матч өткізді. «Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы оған жаңа командада сәттілік тілейді!
Рахмет, Владимир!