КСРО спорт шебері әрі Халық командасының ардагері Владимир Никитенко «Қайрат» ФК-ның Тимур Сегізбаев атындағы Жасөспірімдер Академиясының тәрбиеленушілерімен кездесу жайында әсерімен бөлісті.
- Іс бойынша жеке көзқарасқа сүйене отырып, мен жігіттерге үнемі өзін-өзі тәртіпке келтіру және өзін-өзі талдау бойынша тұрақты түрде жұмыс істеу керек деп кеңес бергім келеді, - дейді «Қайрат» ФК-ның бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазіргі ардагері Владимир Никитенко. - Шеберліктің өсуі көбіне өз-өзімен жұмыс істеуге және жеке табандылыққа байланысты. Сонымен қатар, бапкердің нұсқауларын екі айтқызбай, оның айтқанын дереу және дәл орындау қажет. Дараландыру тұрғысында да, яғни, өзің таңдаған амплуаның міндеттерін орындау дағдысы бойынша да көп жұмыс істеу керек. Өзіңнің күшті және әлсіз жақтарыңды айқын түсіну өте маңызды. Бұдан басқа, әлемдік футболдың даму жолындағы ең жақсы үлгілер мен тенденциялардан әрдайым тәлім алу керек. Кәсіпқой спорт ешқашан бір орында тұрмайды. Ойын барысында жаңа, әдеттен тыс әдістер жиі пайда болады. Оны ескеріп, сол жаңашылдықты түсіндіруі, көрсетуі және үйретуі үшін дереу бапкерлерден сұра. Қазіргі уақытта оларды аңғару оңайырақ. Үлкен турнирлердің матчтары көп көрсетіледі. Әрине, жеке өзі үйренуі жалпы дайындық үдерісіне үйлесімді түрде еніп кетуі тиіс және бапкерлік штабтың қатаң түрде келісуі керек. Айтпақшы, жасөспірімдеріміздің дайындық процесін беделді неміс маманы Вольфганг Гейгер басқаратынына қуаныштымын. Ол жоғары білімді және прогрессивті кәсіпқой маман екенін естідім. Оның резервті дайындау бойынша қағидалары мен аспектілері «Қайраттың» дамуына айтарлықтай ықпал ететініне сенімдімін.