«Ақтөбенің» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч туралы.
- Мен бір қысқа ғана пікір айтамын. Матчтың қорытындысы нәтижесі бүгін алаңда болған ойынға сай емес. Біз жақсы матч өткіздік, ойыншыларға айтар ерекше сыным жоқ. Бүгінгі ойын туралы: меніңше, екінші орында келе жатқан «Қайрат» пен турнир кестесінің соңында тұрған біз – қалай осылай ойнағанымызды көп адам түсінбейтін шығар.
Ең маңыздысы, көрермендерге ойын ұнады. Көп гол соғылды, қателіктер де көп болды. Бірақ соған қарамастан біреуді кінәлау...Бұл адамдар алаңға шығып, теп те жүгір футболын ойнаған жоқ, нағыз футбол көрсетуге тырысты. Тағы да айтайын, тек нәтижеге ғана көңілім толады. Қалған бәрі жақсы.
- Сіздің ойыңызша, қандай нәтиже дұрыс болар еді?
- Кез келген, тек жеңіліс емес.
- «Ақтөбеге» жеңіс есебін ұстап қалуға не кедергі болды?
- Бүгін есепті ұстап қалу мақсатымыз болған жоқ, ондай ой да болмады. Біз сол ойынымызды жалғастыра бергіміз келді, естеріңізде болса, үшінші голды да соғуға болатын еді. Мүмкіндіктер туындады. Руслан Валиуллинде де, Рейналдода да мүмкіндік болды. Бәрі ертерек бітуі мүмкін еді. Өкінішке қарай, ұтылып қалдық. Бұл нәтижемен келіспеймін, жақсы ойнаған еді.