«Ақтөбенің» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матчтың нәтижесі туралы өз пікірімен бөлісті.
– «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы матчтар командалардың турнир кестесіндегі жағдайына қарамастан, қашан да маңызды болатын. Бүгін де соны дәлелдеді. Екі команда да жеңіске жетуге тырысты.
Біз бірінші таймда жақсы өткіздік деп санаймын, гол соқтық, кейін тағы біреуін соғуымыз қажет еді. Артынша, ойын қарқынын жоғалтып алдық, «Қайратқа» қарағанда тереңірек ойнадық, олар сәтті пайдаланды. Өкінішке қарай, өте өкініші гол жіберіп алдық, тіпті, балалар олай жібермейтін шығар. Кей тұстарды жөндедік, бірақ әзірше бәрі қолымыздан келер емес.
Екінші тайм біздің футболшылар үшін қиын болды. Өздеріңіз білетіндей, ойын тәжірибесі болмағандықтан, біз қорғаныста ойнадық. Бұл, әрине, сылтау емес, бірақ бұл шынайылық. «Қайраттың» қақпасына қысым азайды, сондай-ақ, қарсылас біздің қақпамызға жиі қауіпті шабуыл жасады. Иә, ойында қателіктер болды, бірақ командаға көңілім толады. Команда алаңда шашылған жоқ, өте тұтас ойнағанын айтқым келеді.
Төреші офсайдты белгілеп қате жіберді. Гол «таза» болатын. Бұл голдың есептелмегені өте өкінішті. Бәрі қателеседі, бәрі де адам. Жалпы, көрген ойынға көңілім толады, командаға қиынға соқты. Бірақ көбі «амал жоқтан» ойнады, мінез көрсетті. Тұтас команда болды.
Фото: «Ақтөбе» ФК