«Ақтөбенің» бас бапкері «Қайратқа» қарсы ойын нәтижесі жайында пікірін айтты. Оның командасы қарсыласқа 1:6 есебімен жол берген болатын.
- Мұндай есеппен ұтылған матчтан кейін түсініктеме беру қиын. Ойынның басында «Қайратқа» ұпай ауадай қажет екенін жақсы білдік. Біз өз алаңымыздағы екі ойынды жеңіп алдық, сондықтан бүгін сәл босаңсып ойнайтындай сезімде болдық. Біздің мақсатымыз осындай болатын, бүкіл уақыт бойы осы туралы ойламай, кей тұстарда босаңсып ойнап, өзімізден жоғары деңгейдегі ойынды көрсетуге тырыстық. Мүмкін, дұрыс жігерленбеген шығармыз, матчтың басы соған дәлел, ойынның 10-минутында балалар жіберетін қателікке жол бердік.
Осындай мүлдем жауапсыз ойын бірінші рет болып тұрған жоқ, мен қорғаныс туралы айтып отырмын. Екінші доптың қалай соғылғанын бәрі көрді – Марьяновичтің орталық аймақтатайып жығылып, біз гол жіберіп алдық. «Қайратты» тоқтату мүмкін емес болды, олар керемет комбинациямен ойнады және доппен қозғалыста, жекелеген сәттерде қиындық болмады. Бізге ауыр соққы жасалды. «Қайраттың» қалай ойнап жатқанын қарадық та тұрдық, өзіміз ештеңе ойлаған жоқпыз. Мұның бәрі алғашқы минуттарда болды, сосын олар ішінен өздерінің бәсекелесе алмайтынын түсінді, бірақ мен әрқашан соңына дейін күресуге шақырамын. Өкінішке қарай, қолымыздан келмеді. Әрине, мұндай есеппен ұтылу өкінішті, бірақ алты рет 1:0 есебімен ұтылғанша, бір рет 6:1 есебімен жеңілген жақсы. Біз қорытынды шығарып, жігіттерге маусымның әлі аяқталмағанын түсіндіреміз. Шешуші ойындарда түзетілеміз.
- Бұл жолы Пиззеллиде бос аймақ болмады. Бүгін ол жарқын ойын көрсете алған жоқ. Бұл неге байланысты?
- Мен мынау жақсы, анау жаман деп ешкімді бөлмеймін. Тек ойынымыз дұрыс болмады. Біз орталықтан шабуылдар көп болатынын ескерттік, «Қайраттың» допты жоғалтудан бастап тартып алуға дейін жақсы жұмыс істейтінін білдік. Қос қаптал көп жұмыс істейді деп ойладық. Ал бәрі керісінше болып шықты. «Қайрат» қысым жасап, допты тартып алу үшін алаң ортасына жиі ауысты, сондықтан көптеген қателіктерге жол бердік. Осыған байланысты, доп Маркос тұрған жерлерге жеткен жоқ.