Владимир Газзаев, «Тобыл» ФК бас бапкері:
- Қте ауыр ойын болды. Жеңіске қарамастан, шабуыл жағына келер болсам, ойыншыларыма шағымым бар. Бұрынғы чемпионаттарға қарағанда, бүгінгі көрсеткен ойын деңгейіміз өте нашар болды. Бұға себеп те көп. Бірінші – негізгі құрамдағы кейбір ойыншылардың бүгінгі матчта өнер көрсете алмауы. Оның үстіне бізде «Қайрат», «Ордабасы», «Астана» секілді қосалқы футболшылар да көп емес. Алайда, барлық тактикалық жоспарды орындауға ат салысқан ойыншыларыммен мақтанамын. «Қайраттың» екі рет гол соғуға мүмкіндігі болды. Бізде қарсыластар қақпасына екі-үш сәт ұйымдастырдық – гол соқтық және жеңдік. Сегіз тур бойы жасанды газонда ойнап үйреніп қалған бізге бірден табиғи газонға ауысу оңайға соқпады. Жеке позицияда көптеген қателіктерге бой алдырса да, ойыншылар ұйымшыл ойнауға тырысты. Ең бастысы, жеңіске жеттік. Барлығына киім ауыстыру бөлмесінде алғысымды айттым.
- Ойыншыларыңыздың тез арада сауығып кетуін тілейміз. Дмитрий Мирошниченко мен СенинСебаидың уланып қалу себебін түсіндірсеңіз. Олардың базада уланбағаны белгілі. Осы бойынша тергеу жүріп жатыр ма?
- Үлкен рақмет. Ия, жүріп жатыр. Ойыншылардан медициналық қан талдау сараптамалары алынды. Жақын арада не болғанын хабарлаймыз. Дима Мирошниченко үшін қуаныштымыз, оның жағдайы Себаидан да бетер болды. Кеше ол есіне келіп, сөйлей басатады. Қан талдаулары нәтижелері нашар шыққан болатын. Қазір сауығып келе жатыр. Біз олардың тез арада сауығып, қатарға қосылғанын қалаймыз. Ең маңызды ойыншыларымыз бүгінгі матчта ойнай алмады. Бізге Канкаваның ойыны жетіспей жүр. Осы ойыншыларымыз бүгін өнер көрсеткенде, матч басқаша болар ма еді?!
- Үш күннен соң Қазақстан Кубогының матчы өтеді. Алаңға шығатын ойыншылар тізімі осылай қала ма әлде алмасулар бола ма? Сұлтан Бұсұрманов ойнауға мүмкіндік ала ма?
- Бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бүгін Виктор Дмитренко жарақат алып қалуына байланысты ауыстыру керек болды. Осы маусымда қорғаушы Әбілғазының жақсы дебютті ойын көрсетті. Кімнің қандай жағдайда екені ертең медициалық тексерістер барысында белгілі болады.
- Турнирлік кестеде жүлделі орынға ие «Қайратты» жеңді. «Тобыл» клубычемпиондық үшін сайыста «Астанаға» қарсылас па?
- Иллюзия құрмаймыз. Маусым басталғанда ойыншыларыммен келіскендей, біз үшін ең маңыздысы – кезекті ойынды жақсы деңгейде өткізу. Ал ойынды жақсы деңейде өткізіп, сенімді жеңіске жету үшін жаздық трансфер терезесі кезінде бірқатар өзгертулер, командамызды күшейту шараларын жүргізуіміз керек. Бірқатар маңызды ойыншыларымыздың бүгінгі матчқа қатыса алмауы, шаршаулар бар – бұның бәрі ойын нәтижесіне әсер етті. Ойыншыларымыз қалпына келсін, оңалып алсын,сонда бәрі белгілі болады.
- Виктор Дмитренко қазір өзін қалай сезінуде?
- Әлі қалыпқа келе қойған жоқ. Алаңға шығар-шығпасын медициналық тексерістер нәтижесі көрсетеді.
- Михаил Гордейчуктың алмастыруыңыздың себебі неде?
- Қанағаттанарлық ойын нәтижесін көрсете алмауы.